Баспасөз-релиздері

Митапта қызметкерлердің жұмысын қалай бағалау керектігі айтылады

Қызметкерлерді бағалау - бұл олардың тиімділігін арттыру мақсатында қызметкерлердің әртүрлі сипаттамаларын анықтау әдісі. Компаниядағы персоналды бағалау жүйесі қызметкерлердің негізгі қасиеттерін, дағдылары мен нәтижелерін анықтауға және талдауға көмектеседі. Қызметкерлерді бағалау тәсілдері және олар қандай критерийлерге сәйкес келуі тиіс екендігі туралы Астанадан келген HR-сарапшы Сара Сарсен өз митапында айтып береді.

Баяндама "Өнімділікті бағалау және басқару жүйесін әзірлеу" тақырыбына арналады. Тақырып аясында спикер тиімділіктің мақсаттары мен көрсеткіштерін қою мен қадағалауды, өнімділікке талдау жүргізуді және оны жақсарту жөніндегі жоспарларды әзірлеуді, сондай-ақ ОКР мен KPI: бағалау шкаласы, критерийлер, нәтижелер мен құзыреттерді теңгерімдеуді талдайды. Сара ұжымды талдау кезінде қандай әдістер жұмыс істейтінін және нәтижелер туралы не айта алатынын бөліседі.

Митап кәсіпкерлерге, бизнес иелеріне, стартаптардың негізін қалаушыларға, басшыларға пайдалы болады. Қатысу тегін, сіз офлайн немесе онлайн қосыла аласыз. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/business

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 10 шілде
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.