Баспасөз-релиздері

Гульнара Гумарова сатылымдағы мәселелер туралы дәріс өткізеді

2024-10-01 11:33
4 қазанда "Сатылым жүйесіндегі мәселелер: оларды қалай тауып, жоюға болады?" тақырыбында Grow Focus консалтингтік компаниясының негізін қалаушы, сатылымдарды басқару жөніндегі танымал сарапшы Гульнара Гумарова дәріс өткізеді.

Гульнара Гумарова - Wazzup, Икс Фит және Евросеть сияқты жетекші компанияларда тәжірибесі бар коммерциялық директор. Ол өзінің мансабында 190-нан артық компанияға сатылым топтарын кеңейтуге және олардың процестерін реттеуге көмектесті. Дәрісте ол сату жүйесіндегі қиындықтарды анықтау әдістері және бизнестің тиімділігін арттыру үшін процестерді оңтайландырудың тиімді жолдары туралы айтып береді. Дәріс барысында Гульнара сатылымдағы тоқырауды қалай диагностикалау және негізгі мәселелерді табу, сату бөліміне аудит жүргізу және жалпы қателіктерден аулақ болу, сондай-ақ команданың жұмысын оңтайландыру туралы айтып береді.

Бизнес өкілдерін, сатылым бойынша басшыларды және өз процестерінің тиімділігін арттырғысы келетіндердің барлығын іс-шараға қосылуға және жетекші сарапшыдан құнды білім алуға шақырамыз. Тіркелу сілтемесі: terricon.kz/ru/marketing

Қашан: 4 қазан, 19:00
Форматы: онлайн

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.