Баспасөз-релиздері

Бизнеске арналған киберқауіпсіздік: Қарағанды қаласында өтетін конференцияда қорғау стратегияларын талдаймыз

Қазіргі әлемде шағын және орта бизнес өкілдеріне қаржылық және беделге елеулі зиян келтіруі мүмкін деректердің бұзылуына, алаяқтық пен кибершабуылдарға қауіп төндіруде. Осы орайда сұрақ туындайды: өз бизнесіңізді қалай қорғап, тәуекелдерді азайтуға болады? Бұл сұраққа жауапты 31 наурыз күні Қарағандыда қаласында тегін өткізілетін конференцияда ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі жетекші сарапшылар жауап береді.

Cybersecurity Conference — бұл “Терриконовая долина” Қарағандының стартап-экожүйесі кәсіпкерлерге арнайы ұйымдастырған іс-шарасы. Ұйымдастырушылар кәсіпкерлерге заманауи технологияларды жақсы түсінуге және нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектесетін білім беру іс-шараларын үнемі өткізуде.

“Біз бизнестің цифрлық қауіп-қатерлерге осал болып бара жатқанын көріп отырмыз және кәсіпкерлер көп жағдайда өздерін қалай қорғауды білмейді. Бұл конференция - күрделі мәселелерді болдырмауға көмектесетін практикалық білім алу мүмкіндігі”, - деп “Терриконовая долинаның” event-бөлімінің басшысы Ангелина Саратовкина атап өтті.

Неліктен бұл кәсіпкерлер үшін маңызды?

Көбінесе бизнес иелері өз компаниялары киберқылмыскерлерді қызықтырмайды деп есептеп, төніп тұрған қауіпті бағаламайды. Алайда, шағын және орта бизнеске шабуылдар үнемі болып тұрады: пошта шоттарын бұзудан бастап, компанияның жұмысын тоқтатуы мүмкін күрделі фишингтік схемаларға дейін.

Алдағы конференция кәсіпкерлер, IT-мамандар мен басшылар киберқорғаудың өзекті әдістері туралы біліп қана қоймай, сауатты стратегияны қалай құру керектігін түсінеді, сарапшыларға сұрақтар қойып, өмірден алынған кейстер бойынша ұсыныстар алатын алаңға айналады.

Баяндамаларын кім оқиды?

Спикерлер ретінде киберқауіпсіздік саласындағы жетекші мамандар шақырылды:

- Евгений Питолин – DataStar басқарушы директоры, Qaztech киберқауіпсіздік комитетінің тең төрағасы

- Полат Тохтахунов – TSARKA Group директордың орынбасары

- Назгуль Таимова – Elcore Казахстан директоры

- Виктория Ватулко – тәуелсіз сарапшы

- Александр Пушкин – SOC, PS Cloud Services жетекшісі

- Евгений Суханов – өнеркәсіптік киберқауіпсіздік бойынша сарапшы

- Александр Баитов – Bakotech қауіпсіздік бағытының басшысы

- Темирлан Аманбаев – Staff Software Engineer at NITEC

Іс-шара бағдарламасында киберқауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады: менеджерлердің цифрлық сауаттылығының бизнестің тұрақтылығына әсері, деректерді қорғаудың заманауи әдістері, өнеркәсіптік жүйелердегі осалдықтарды басқару, ақпараттың ағып кетуінің алдын алу және қауіпсіздік үшін AI-ді пайдалану. Киберқауіптер саласындағы практикалық зерттеулерге, сондай-ақ АҚ индустриясындағы гендерлік аспектілерге - әйелдердің цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін қалай өзгертетініне ерекше назар аударылады.

“Қорғаудағы қателік қымбатқа түсуі мүмкін. Бірақ киберқауіпсіздікке сауатты көзқарас – бұл шығындар ғана емес, бизнестің тұрақтылығына инвестиция”, - деп Полат Тохтахунов атап өтті.

Конференцияға қалай қатысуға болады?

Конференция 31 наурызда сағат 15:00-де Қарағанды қаласының “Терриконовая долина” IT-хабында өтеді. Іс-шара форматы офлайн және онлайн, сондықтан сіз әлемнің кез келген нүктесінен қосыла аласыз. Қатысушыларды тіркеу төмендегі сілтеме бойынша жүргізіледі: https://share.kz/gkQC

Қашан: 31 наурыз, 18:30
Өткізілетін орны: "Терриконовая долина" ІТ-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн/онлайн

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.