Баспасөз-релиздері

Митаптың қатысушылары веб-дизайндағы инклюзивтілік туралы біле алады

Инклюзивті дизайн тұжырымдамасы ең қолжетімді интерфейсті құруды қамтиды. Жеке ерекшеліктері бар әр түрлі жастағы адамдар белгілі бір шаблондар бойынша қосымшалармен және сайттармен өзара әрекеттеседі. Дизайнердің міндеті - теңдестірілген жобаны әзірлеу және пайдаланушылардың әртүрлі топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру. Инклюзивті жобаларды қалай құруға болатындығы туралы 22 қараша күні өткізілетін митапта толығырақ талдайды.

DataArt веб-әзірлеушісі Александр Лысенко спикер ретінде іс-шараға қатысады. Ол өз сөзінде қолжетімділіктің не екенін, пайдаланушылардың қандай ерекше қажеттіліктерін ескеру керектігін және веб-сайтыңызды барлығына қалай жағымды жасауға болатыны туралы айтады. WCAG стандарттары, жақсы HTML-дың маңыздылығы да қарастырылады және түсінікті болу үшін Александр практикалық мысалдармен live-демонстрациясын өткізеді.

Митап дизайнерлерге, маркетологтарға, өнім менеджерлеріне пайдалы болады. Митапқа офлайн немесе онлайн қатыса аласыз. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 22 қараша, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.