24 сәуір күні Wooppay x Kcell Bootcamp – Қарағанды техникалық университеті студенттеріне арналған білім беру іс-шарасы өтеді. Буткемп аясында қатысушылар финтех пен телеком нарығы тоғысындағы цифрлық өнімдерді құру және дамыту бойынша практикалық тәсілдермен танысады.
Спикерлер ретінде Kcell компаниясының цифрлық қаржылық сервистер бағытының жетекшісі Сергей Коптик және Wooppay компаниясының CEO кеңесшісі Алекс Сомов сөз сөйлейді. Олар мобильді қаржылық сервистер, банк өнімдері және бренд-маркетинг саласында көпжылдық тәжірибесі бар мамандар.
Алекс Сомов заманауи нарықта өнімдер мен брендтерді позициялау тақырыбындағы воркшоп өткізеді. Қатысушылар халықаралық компаниялардың нақты кейстерімен жұмыс істеп, позициялау тәсілдерін талдайды және оларды қолданыстағы стратегиялармен салыстыра отырып, өз шешімдерін ұсынады.
Сергей Коптик Kcell мен Wooppay ынтымақтастығы негізінде цифрлық қаржылық сервистердің дамуы туралы баяндайды. Негізгі тақырып – соңғы он жылдағы мобильді төлемдердің трансформациясы, олардың банк карталарымен бәсекелестігі, сондай-ақ серіктестер мен халықаралық агрегаторлармен интеграциялардың рөлі. Сонымен қатар өнім стратегиясы, бонус механизмдерін енгізу және пайдаланушы сценарийлерін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Буткемпке қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/business
Іс-шара Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 24 сәуір, 11:00
Өткізілетін орны: Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Н.Назарбаев даңғылы, 56
Формат: онлайн/офлайн