Баспасөз-релиздері

QR-мәзір, аналарға арналған қосымша және IT оқыту: Қарағанды қаласынан келген стартаперлер бизнесті дамытуға арналған гранттарды жеңіп алды

Бизнесті жаңадан бастау әрқашанда қиын. Жас кәсіпкерлер қаржыландырудың жетіспеушілігі, нарықты білмеу, алғашқы клиенттерді табудағы қиындықтар және тәжірибенің жетіспеушілігі сияқты мәселелерге тап болады. Қарағанды қаласындағы стартап-экожүйесінің ұйымдастыруымен білім беру бизнес-бағдарламалары осы кедергілерді жеңуге көмектеседі. 5 желтоқсан күні жергілікті “Терриконовая долина” ІТ-хабының алаңында Демокүн өткізілді, бұл жерде кәсіпкерлер мен стартаперлерге арналған бағдарламалардың финалистері өз жобаларын ұсынып, ақшалай гранттарды ұтып алу үшін күресті.

Үш айлық қарқынды жұмыс, трекерлермен және сарапшылармен кеңестер, нарықтың жетекші мамандарының воркшоптары - осындай тәжірибе тек ең талапкер және ынталы кәсіпкерлердің қолынан ғана келеді. Бизнес-бағдарламаларға қатысушылар сыртқы қиындықтарды ғана емес, сонымен қатар өздерінің ішкі күдіктерін де жеңіп, өзгермелі жағдайларға бейімделуді және өз идеялары үшін стандартты емес шешімдерді іздеуді үйренді.

“Оқыту бағдарламасында нарықты зерделеу, бизнес-модельді қалыптастыру, гипотезаларды тестілеу, маркетинг және сатылым тақырыптары қарастырылған. Сондай-ақ біз командалардан сұралған тақырыптарға сәйкес шақырылған сарапшылармен кеңестер ұйымдастырамыз. “Акселератор” және “Инкубатор” бағдарламаларына толық құштарлықпен қатысу талап етіледі, бірақ бұл кәсіпкерлерге нарықтың нақты сын-қатерлеріне дайындалуға мүмкіндік береді”, - деп “Терриконовая долина” басқарушы серіктесі Диана Салехова айтып берді.

Бизнес-бағдарламалардың барлық қатысушылары финалға жете алмады: қазылар алқасы мен әлеуетті инвесторлар алдында Демокүнде өз нәтижелерін ұсыну мүмкіндігі акселерациялық бағдарламадан өткен 6 командаға және инкубациялық бағдарламадан өткен 6 командаға берілді. Ең әуелі болып идеяларын әрекеттегі бизнеске айналдыруды көздейтін стартаперлерге арналған “Инкубатор” бағдарламасының финалистері бастады. Олардың арасында YAEM командасының мүшелері Егор Лошкарев, Олег Масленников және Артем Захарченко командасының мүшелері де болды. Қатысушылар HoReCa сегментіне арналған QR-мәзір жобасын әзірледі, ол бірден бірнеше мәселелерді шешуге арналған: тұтынушыларға баяу қызмет көрсету, басып шығару шығындары және шетелдік қонақтарға қызмет көрсету.

“Инкубатор” бағдарламасына қатысу біз үшін идеяны дайын шешімге айналдыру мүмкіндігін берді. Біз қазір MVP сатысында тұрмыз, бірақ алғашқы сатылымдарды жүргізіп, оларды ұлғайту стратегиясын құра алдық”, - деп жобаның жетекшісі - Егор мәлімдеді.

Демокүнде iCompile. жобасының жасаушылары да қатысты. Жобаның СЕО-сы Қасымжомарт Шубай React Native жобасын әзірлеуде 3 жылдық тәжірибесі бар, АҚШ-тағы IB мектебінде оқыды, ал соңғы бір жарым жыл бойы стартаптарды іске қосу үстінде жұмыс жасап жатыр. Оның серіктесі жобаның СТО-сы Арсен DOS, Hour of Code ұйымының көшбасшысы. Екеуі жасанды интеллект негізіндегі компиляторды бағдарламалау тілінде жазылған мәтінді машина кодына аударатын бағдарламаны жасады. iCompile жаңадан бастаушыларға бағдарламалауды үйренуге көмектеседі.

“Бағдарламаға қатысу барысында біз жобаның пилоттық жобасын жеке мектептердің бірінде өткізіп, алғашқы пайда тауып, 782 премиум-пайдаланушыны қосып алдық. Жобаны дамытудың әр кезеңінде бізге демеу болған “Инкубатор” тәлімгерлері үлкен көмек көрсетті”, - деп Қасымжомарт Шубай атап өтті.

Инкубациялық бағдарламаның тағы бір финалисті “Лактопроф” жобасының командасы болды. Анастасия Шмидтке мен Анна Попова баланы емізу бойынша білікті кеңесшілерге және қосымшаның ақпараттық материалдарына қол жеткізуді ұсынатын емшек сүтімен емізетін аналарға арналған мобильді қосымшаны жасады. “Инкубатор” бағдарламасында Анастасия мен Анна жобаның сайтын құрды, сатылым және өнімнің өзін дамыту жоспарын жасады, сонымен қатар жобаның қажеттілігін растайтын алғашқы сатылымдарды өткізді.

“Мен үшін “Инкубаторға” қатысу өзгеріс кезеңі болды деп айта аламын, себебі мен аналарға арналған жобамды құруда алғашқы қадамдарды жасауға мүмкіндік берді. “Терриконовая долина” ІТ-хабына осы бірегей тәжірибе үшін, сондай-ақ трекерлер мен сарапшылардың қолдауы үшін үлкен рақметімді жеткізгім келеді”, - дейді Анастасия.

Дәл осы үш жоба – YAEM, iCompile және “Лактопроф” – 500 000 теңге көлемінде грант иегерлері атанды. Сарапшы қазылар алқасы олардың инновациялық көзқарасы мен әлеуметтік маңыздылығын атап өтті. Қаржылық қолдау стартаптар үшін командаларға өз идеяларын дамытуды жалғастыруға және жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік беретін маңызды ресурс болады.

Демокүннің екінші бөлімі жұмыс әрекеттегі бизнесті дамытуға арналған бағдарлама - “Акселератор” түлектерінің жобаларының презентацияларына арналды. JolScan, TalkTrack, EatPlay.kz, sidekick, ZANTech.kz және Teleport командалары өз нәтижелерімен бөлісті. Инвесторлар әсер қалдырды: Terricon Venture Club бизнес жебеушілер клубы осы стартаптарға жалпы сомасы 25 миллион теңгені салуға дайын екенін мәлімдеді. Жақын арада ұйымдастырушылар қай жобалар және қандай көлемде инвестиция алатынын хабарлайды. Бұл қаражат қатысушыларға өз шешімдерін кеңейтуге, жаңа нарықтарға шығуға және өз орнын нығайтуға көмектеседі.

“Біздің бизнес-бағдарламаларымызға қатысқан жобаларға инвестиция салу тәжірибесі біз үшін жаңа емес. Біз олардың қалай өзгеріп, өсіп жатқанын көреміз, сондықтан олардың әлеуетіне сенімдіміз және командаларды біліммен ғана емес, қаржылық ресурстармен де қолдауға дайынбыз”, - деп “Терриконовая долина” СЕО-сы Сабир Ниязов айтты.

Алынған гранттар мен инвестициялар одан әрі өсу мен дамуды ынталандырады. Болашақта жобалардың әрқайсысы нарықта маңызды ойыншы болуға уәде береді және олардың жетістігі командалардың жеке жеңісі ғана емес, сонымен қатар аймақтың инновациялық экожүйесінің дамуына қосқан үлесі болып табылады.

Қашан: 5 желтоқсан
Өткізілген орны:"Терриконовая долина" IT-hub-ы,
Алалыкин көшесі, 12
Форматы: онлайн/офлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.