Баспасөз-релиздері

ІТ-саласында дағдыларды қалай тиімді жетілдіруге болатындығы туралы оқытуда айтып береді

2025-04-04 10:52
10 сәуірде Қарағандыда ІТ-де оқытудың және кәсіби дамудың тиімді әдістеріне арналған ағылшын тілінде дәріс өтеді. Спикер сандық шешімдерді жасауда мол тәжірибесі бар Solution Architect Николай Лосев болады.

Бүгінгі таңда IT-индустрия мамандары үлкен көлемдегі ақпаратқа, тез өзгеретін технологияларға және үнемі өзін-өзі жетілдіру қажеттілігіне тап болады. Алайда, онлайн курстар мен оқу материалдарының көптігіне қарамастан, көптеген адамдар білімді игеру проблемасына, оқытудағы жүйеліліктің жетіспеушілігіне және теорияны практикамен үйлестірудің қиындықтарына тап болады.

Дәріс аясында Николай Лосев оқу процесін шынымен тиімді болатындай етіп қалай құру керектігін айтады, сонымен қатар IT-мамандарына, студенттерге және тағылымдамалардан өтушілерге кәсіби өсуді тездетуге көмектесетін құралдар мен әдістермен бөліседі. Қатысушылар өздерін артық ақпаратпен ауырлатпай білімді қалай құрылымдау керектігін, күрделі техникалық ұғымдарды тереңірек түсінуге қандай әдістер көмектесетінін және әртүрлі білім беру форматтарын біріктіру кезінде хаосты қалай болдырмауға болатынын біледі.

Дәріс әсіресе IT-бағытында оқитын студенттерге, жаңадан бастаған жас мамандарға және оқуын жүйелеуге, сондай-ақ жаңа кәсіби деңгейге тезірек шығуға ұмтылатын тағылымдамалардан өтушілерге пайдалы болады. Іс-шара "Терриконовая долина" ІТ-hub-да өтеді, сондай-ақ офлайн және онлайн форматында қол жетімді болады. Қатысу тегін, сілтеме бойынша алдын ала тіркелу қажет: https://terricon.kz/ru/it

Қашан: 10 сәуір, 19:00

Өткізілетін орны: "Терриконовая долина" ІТ-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: офлайн/онлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС