13 мамыр күні IT-хабта “Efficient Prompt Engineering for Everyone” тақырыбында ағылшын тіліндегі оқыту өтті. Оны Германиядағы Саар университетінің Language, Computation and Cognition зертханасында Research Assistant қызметін атқаратын Яна Вейцман жүргізді. Ол жасанды интеллект құпиясы бар күрделі технология емес, керісінше көмекші бола алатынын көрсетті - тек онымен дұрыс “сөйлесуді” үйрену қажет.
Қатысушылар тек тыңдап қана қоймай, бірден тәжірибе жасап көрді. Яна нақты промпт мысалдарын талдап, бір сөйлемді сәл өзгертудің өзімен ИИ мүлдем басқа нәтиже беретініне көз жеткізді. Көптеген қатысушылар үшін бұл “вау” сәттер болды: бір сұраныстан - стартапқа арналған идеялар генерациясы, екіншісінен - емтиханға дайындық жоспары немесе іскерлік хатқа арналған шаблон алынды.
Ерекше қызығушылық тудырғаны - практикалық бөлім. Әркім өз тапсырмасына сай промпт құрастырып, бірден кері байланыс алды. Біреулер күнделікті рутинаны автоматтандыру жолын тапса, біреулер жұмысын жеделдетудің тәсілін үйренді, ал кейбіреулер алғаш рет небәрі бірнеше жолдан тұратын мәтін арқылы ИИ-ді күнделікті процестерге қалай қосуға болатынын көрді.