Баспасөз-релиздері

Бауыржан Шалабеков метағаламды қолдану тәжірибесі туралы айтып берді

Метағалам - бұл интернет-платформалардың жаңа буыны. Қазір олар әртүрлі салаларда, соның ішінде бизнес пен әзірлеуде белсенді қолданылады. 4 наурызда IT-хабта митап өтті, ол жерде метағаламның әлемінде және Қазақстанда қалай пайдаланылатыны туралы айтылды.

Шақырылған спикер "10tech" ЖШС бас директоры Бауыржан Шалабеков болды. Митапта ол өзінің компаниясының осы саладағы тәжірибесіне баса назар аударды, атап айтқанда, қоғамдық іс-шараларды өткізуге арналған ForumVR платформасы және оның қалай жұмыс істейтіні және не үшін пайдаланылатыны туралы айтты. Олардың негізгі клиенттері өнеркәсіптік кәсіпорындар, яғни В2В нарығы болып табылады және Бауыржан неге В2С нарығына шықпауға шешім қабылдағанын айтты.

Сондай-ақ спикер виртуалды және толықтырылған шындықтың айырмашылығы, виртуалды кеңістіктің артықшылықтары, метавғаламның, соның ішінде Қазақстанда және әлемде қайда қолданылатыны туралы айтып берді. Сонымен қатар Бауыржан AR/VR/Metaverse нарығының ағымдағы жай-күйін және осы саланың даму үрдістерін бағалап, оны митап қатысушыларымен талқылады. Соңында сарапшы аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Митап жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=6NzRw2Lvc2A сілтемесі бойынша көруге қолжетімді.

Қашан: 4 наурыз
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.