Баспасөз-релиздері

Жулдыз Абеу бейне жобаның іске қосу туралы айтып береді

Қазіргі әлемде блогер немесе подкасттарды жазушы мамандығы енді хобби ғана емес, мансап құруға келетін жоба. 15 қараша күні өткізілетін дәрісте сізге бейне жобаны қалай тиімді түсіру және сәтті іске қосу туралы айтылады.

Шақырылған спикер - prokinoagency негізін қалаушы, сценарист, продюсер, мобилограф Жулдыз Абеу болады. Ол нәтижелі пилоттық подкасттардың схемаларын, түсірілім жоспарын және бюджеттік жобаларға арналған жергілікті сметаларды, мықты синопсис және логлайн жасау өнерін, подкастинг контекстінде монтаждау мен постпродакшн туралы талдайды. Сондай-ақ спикер телефонға түсіру бойынша ұсыныстарымен бөліседі.

Дәріс студенттерге, мобилографтарға, операторларға, қоюшы-операторларға, болашақ режиссерлерге және өз жобасын түсіруді жоспарлап жүргендерге пайдалы болады. Іс-шараға қатысу тегін және офлайн немесе онлайн форматында қосыла аласыз. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/podcast

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 15 қараша, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.