18 наурыз күні хабта Aviasales.kz компаниясының Influencer Marketing Manager-і Тоғжан Төлеубекованың дәрісі өтті. Кездесу блогерлермен жұмыс істеу және инфлюенс-маркетингтің қазіргі бренд коммуникацияларындағы рөліне арналды.
Дәріс барысында спикер аудиторияның цифрлық ортадағы мінез-құлқының қалай өзгеріп жатқанын және классикалық жарнама тәсілдерінің орнына нативті форматтардың неге жиі қолданылып жатқанын түсіндірді. Қатысушылар ақпаратқа толы орта жағдайында брендтердің пайдаланушылармен байланыс нүктелерін қалай табатынын және бұл процесте өз қауымдастықтарында сенім қалыптастыратын авторлардың рөлі қандай екенін талқылады.
Сондай-ақ практикалық бөлікке ерекше назар аударылды: қатысушылар блогерлермен жұмыс істеудің нақты сценарийлерін қарастырып, инфлюенсерлерді таңдау критерийлерін және интеграция тиімділігін бағалау тәсілдерін талқылады. Дәріс маркетологтарды, кәсіпкерлерді және digital-дағдыларын дамытқысы келетін бастапқы мамандарды біріктірді.
Қашан: 18 наурыз, 19:00
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Формат: онлайн/офлайн
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: “Терриконовая долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.