Павел Варлашин Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының бағдарламашы-биоинформатигі болып жұмыс істейді. Саладағы жұмыс өтілі - 1,5 жыл. 27 маусымда ол биоинформатикадағы мансап туралы және салаға жалпы шолу жасау үшін IT-хабтағы өткізілетін митапта спикер ретінде сөз сөйледі.
Сарапшының айтуынша, биоинформатика үш бөлімнің квинтэссенциясы болып табылады: медицина, биология және IT. Оның негізгі бағыттарына мыналар жатады: NGS, құрылымдық биоинформатика, филогенетика және популяция генетикасы, геномика/протеомика және жүйелік биология. Павел биоинформатика нарығының 80% -ы NGS-ке (жаңа буынның секвенирлеу әдістері) сүйенетінін атап өтті. Оған генетикалық профильді анықтау, гендік редакциялау және ауруларды диагностикалау үшін қолданылатын ПТР кіреді.
Спикер Сэнгер секвенциясы биоинформатика саласын қалай алға жылжытқаны, адам геномы, Крейг Вентердің ғылыми жаңалығы туралы айтты. Сондай-ақ, биоинформатиканың әр бағытын талдап, олардың қалай ерекшеленетінін, ғылымға қандай үлес қосатынын және бұл қарапайым адамдардың өміріне қалай әсер ететінін айтты. Соңында Павел биоинформатика бойынша қай жерде оқуға болатынын және осындай мамандарды тартуға қандай компания мүдделі екенін айтты.
Митап жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=cBl7Xqk81IA ілтемесі бойынша көруге қолжетімді.
Қашан: 27 маусым
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС