Баспасөз-релиздері

Ниет білдіруші барлық адамдар деректерді талдау туралы өткізілетін тегін курсқа қатыса алады

Деректерді талдау компанияларға тиімділік пен өнімділікті жақсартып, бизнес-процестерді оңтайландыруға көмектеседі. 9 қыркүйек күні ІТ-хабта Yessen & Company басқарушы серіктесі Азат Есенов "Аналитика негіздері" тақырыбында тегін курсы өткізеді. Қатысушыларға талдауды қалай жүргізуді және ол қандай бәсекелестік артықшылық беретіні айтылады.

Екі күндік курс аясында теориялық білім және ол білімді тәжірибеде қолдану да зерделенетін болады. Бағдарламада консалтингке және деректерді талдау саласына кіріспе, Power BI-де деректерді талдау және визуализациялау, Google Looker Data Studio-да визуализация, Google-кестелердегі деректерді талдау, Google App Scripts-те әзірлеу және Case Study Business Intelligence аналитикалық талдау сияқты тақырыптар қарастырылған. Қолданылатын құралдың әрбірі жеке қарастырылады, осылайша курсқа қатысушылар оның жұмысын толық зерттей алады.

Аналитика тақырыбына қызығушылық танытқан кәсіпкерлерді, стартаперлерді, басшылар мен мамандарды шақырамыз. Курсқа офлайн немесе егер сіз басқа қаладан болсаңыз, онлайн форматта қатысуға болады. Курсқа тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/basic-analytics

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 9-10 қыркүйек, 10:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.