IT-хабта Сanvas бизнес-модельдері тақырыбы бойынша оқыту жүргізіледі
2024-05-24 15:10
Канвас бизнес-моделі (Business Canvas Model) - бұл бір парақта жобаның сипаттамасын жасауға, оны талдауға және күшті және әлсіз жақтарын табуға мүмкіндік беретін стратегиялық басқару құралы. 30 мамыр күні IT-хабта "Canvas бизнес-моделін құру" тақырыбы бойынша ағылшын тілінде оқыту өткізіледі, ол жерде бизнестің жағдайын және өсу нүктелерін бағалауға арналған құрал талданады.
Шақырылған спикер Enactus Buketov University жобалық менеджері Лейла Никкель болады. Ол Canvas бизнес үлгісін пайдалану тәжірибесімен бөліседі және бизнес үлгісін не үшін жасау керектігін, оның негізгі нүктелері қандай және Canvas артықшылықтары қандай екенін айтады. Сондай-ақ, Лейла бизнес-модельді құрудағы танымал қателіктерді талдайды.
Экономика, бизнес, менеджмент факультеттерінің студенттерін, сондай-ақ жаңа жобалары бар стартаперлерді қатысуға шақырамыз. Қатысу тегін, төмендегі сілтеме бойынша тіркеле аласыздар: https://terricon.kz/ru/business
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы. Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы;"Терриконовая долина" ЖШС.