Баспасөз-релиздері

IT-хабта спутниктерді ғарышқа ұшыру бойынша стартап құрған оқушы cөз сөйлейді

Сіз кез-келген жаста сәтті стартап құра аласыз. Оның тағы бір мысалы ретінде жоғары сынып оқушысы жасаған Абылайхан Мухамеджановтың жобасы. 30 маусым күні ол өткізетін митапта өзінің жолы туралы айтып, жаңадан бастаушылармен құнды ұсыныстармен бөліседі.

Абылайхан - Astana Hub Рrescalerator акселерациясының және Nuris Abc Incubation инкубаторының түлегі, сонымен қатар John Hopkins University-де аэроғарыштық инженерия бойынша тағылымдамадан өтті. 11-сыныпта Абылайхан шағын ғарыш аппараттарын әзірлеу бойынша стартаптың негізін қалады және өзінің жобасын әртүрлі халықаралық конкурстарда таныстырды.

Митапта спикер өзінің SkillSat жобасы туралы және гелиймен толтырылған стратосфералық шарлардың көмегімен стратосфераға наноспутникті іске қосу жоспарлары туралы толығырақ айтып береді. Сондай-ақ қатысушылар Hardware және SpaceTech стартаптарының мысалдары, SkillSat-тың даму және пайда болу жолдары және аэроғарыш саласындағы перспективалар туралы білетін болады.

Жаңадан бастаушы стартаперлерді, IT-мамандықтарында оқитын студенттерді және жоғары сынып оқушыларын қосылуға шақырамыз.  https://terricon.kz/ru/it  сілтемесі бойынша тіркеле аласыз.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 30 маусым, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС