5 маусымда жаңадан бастаушы әзірлеушілерге арналған дәріс өтеді
2024-05-31 14:08
REST API - бұл архитектуралық стиль, ол қосымшалардың қандай ережелермен бір-бірімен байланысуы керектігін анықтайды. Ол веб-қызметтерді, мобильді қосымшаларды, интеграциялық платформаларды және басқа IT-шешімдерін құру үшін қолданылады. 5 маусым күні IT-хабта жаңадан бастаушы мамандарға негіздерді үйренуге көмектесетін "Django және FastAPI көмегімен REST API әзірлеу" тақырыбында дәріс өтеді.
Шақырылған спикер - «А-Бизнес Қазақстан» компаниясында жобалар жетекшісі Думан Марат болады. Ол өзінің дәрісінде Django және FastAPІ-ге олардың негізгі ерекшеліктері мен танымалдығына қысқаша шолу жасайды. Сондай-ақ, қатысушылар Django мен FastAPІ-мен REST API құруды талдайды және Django және FastAPI-ді одан әрі зерттеу бойынша ұсыныстар алады.
Junior backend-әзірлеушілерді, сондай-ақ әзірлеу саласында мансапты бастағысы келетіндерді шақырамыз. Қатысу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы. Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы;"Терриконовая долина" ЖШС.