Баспасөз-релиздері

ІТ-хабта стартапты дамыту туралы дәріс өткізіледі

Data-driven - бұл жиналған деректерге негізделген басқару тәсілі. 16 қыркүйек күні IT-хабта "Стартапты дамытудағы Data driven тәсілі" тақырыбында дәріс өтеді, ол жерде көрсеткіштерді анықтаудың маңыздылығы және оларды саналы стратегиялық шешімдер қабылдау үшін қалай пайдалану керектігі талданады.

Шақырылған спикер Prengi компаниясында Product Manager Асель Касембекова болады. Ол табысты өнімді құрудағы осы тәсілдің маңыздылығын, бизнес үшін маңызды көрсеткіштерді анықтау қажеттілігін және сандық көрсеткіштерден басқа сапалы деректердің құндылығы туралы айтып береді. Сондай-ақ, Асель Data-driven-нің 4 кезеңін толық талдайды, ол: деректерді жинау, оларды маңызды көрсеткіштерге түрлендіру, осы көрсеткіштерді есептерге қосу және алынған мәліметтер негізінде шаралар қабылдау, соның ішінде әрбір қадам тәжірибеде қалай қолданылатынын бөліседі.

Дәріс стартаптың негізін қалаушыларға, өнім менеджерлеріне, UX-зерттеушілеріне қатысу пайдалы болады. Бизнесіңізді одан да тиімді ететін практикалық кеңестер мен түсініктер алу үшін митапқа тіркеліңіз: https://terricon.kz/ru/data-driven Қатысу тегін.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 23 қыркүйек, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.