15 мамыр күні IT-хабта “Figma максимум: плагиндерден бастап дизайн жүйелеріне дейін” тақырыбында лекция өтті. Спикер ретінде Wooppay компаниясының UX/UI-дизайнері Кари́на Цой сөз сөйледі. Іс-шараға студенттер, жаңадан бастап жатқан дизайнерлер және Figma бағдарламасымен алғаш танысып жүргендер жиналды.
Карина лекция барысында Figma-да күнделікті қайталанатын жұмыстарды автоматтандырып, негізгі нәрселерге - логика, құрылым және пайдаланушы тәжірибесіне - назар аударуға мүмкіндік беретін тәсілдерімен бөлісті.
Плагиндер тақырыбы қозғалғанда, ол жай ғана танымал құралдарды атап қана қоймай, олардың қалай байланысып жұмыс істейтінін және қай кезеңдерде уақытты нақты үнемдейтінін мысалдар арқылы көрсетті. Қатысушылар алғаш рет Figma-ны жай интерфейс салатын сервис емес, тұтас жүйе ретінде көргендерін айтты.
Ең пайдалы сәттердің бірі - үлкен жоба не команда болмаса да, жеке шағын дизайн-жүйені тез әрі оңай құрастыру тәсілінің көрсетілімі болды. Мұндай әдіс фрилансерлер мен түрлі бағыттағы тапсырмаларды қатар алып жүретін студенттер үшін ерекше құнды болып шықты.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 15 мамыр, 19:00
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: онлайн/офлайн