Баспасөз-релиздері

Стартаперлерге арналған тегін бағдарлама Қарағандыда іске қосылады. Жүлде қоры - 1,2 миллион теңгеңі құрайды

Инкубатор - бұл идея сатысында тұрған және өз бизнесін ашқысы келетін кәсіпкерлерге арналған білім беру бағдарламасы. Оқыту өзінде бизнес, аналитика және маркетинг салаларындағы білімнің толық циклін қамтиды. Бағдарлама Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен "Терриконовая Долина" IT-жобасымен іске асырылуда.

Бағдарлама 21 қаңтардан 31 наурызға дейін он аптаға созылады. Осы уақыт ішінде инкубациялық бағдарламаға қатысушылар сарапшылармен және тәлімгерлермен, оның ішінде тәжірибелі кәсіпкерлермен, әзірлеушілермен және маркетологтармен жұмыс істейді. Сарапшылар саланы анықтау, бизнес-модельді сипаттау, презентацияны қалыптастыру және т.б. мәселелерде стартаптарға көмектесетін топтық воркшоптар мен жеке консультациялар өткізетін болады.

Білім беру бағдарламасы бизнес-идеяларды құру, HADI циклдары, мақсатты аудитория және құндылық ұсынысы, нарық пен бәсекелестерді талдау, MVP, кодсыз бағдарламалау, алғашқы клиенттерді іздеу, Customer Development, бюджетсіз маркетинг сияқты тақырыптар бойынша дағдыларды егжей-тегжейлі зерделеуді және практикалық пысықтауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бағдарлама трекерлері командаларға жобалардың тақырыбы мен бейінін ескере отырып, мемлекеттік субсидиялар мен инвесторларды тарту туралы айтып береді.

Инкубатордың қорытындысы бойынша қатысушылар жоба ішінде қаржылық модель мен процестерді құруды үйренеді, дайын бизнес-модель әзірлейді және болашақ серіктестерге ұсыныс дайындайды. Бағдарламаның финалы демо-күн болады, оның барысында командалар өз жобаларын әлеуетті инвесторлар алдында таныстыра алады. Үздік үш жоба стартаптарды одан әрі дамытуға арналған гранттарды ұтып алу мүмкіндігіне ие болады - әрқайсысына 400 000 теңгеден.

Қатысушыларды тіркеу https://terricon.kz/ru/incubator сілтемесі бойынша жүргізіледі. Өтініш беру мерзімі: 20 қаңтарға дейін.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 21 қаңтар - 31 наурыз
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12


Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС