Өнім менеджері табысты қалай өлшеу керегін түсіндіреді
2026-03-02 17:03
5 наурыз күні өнім командалары өнімнің нақты табысын қалай өлшей алатыны және қабылданған шешімдердің тиімділігін қалай бағалайтыны туралы онлайн-дәріс өтеді. Кездесуді Smartsheet компаниясының Product Manager-і Balbodh Chauhan ағылшын тілінде жүргізеді.
Дәріс қазіргі продакт-менеджментте нәтижелерді бағалау тәсілдерінің қалай өзгеріп жатқанын қарастыруға арналған. Қатысушылар бұл өзгерістердің себептерін талқылап, өнім мен бизнеске нақты әсерді көрсететін метрикалар жүйесін қалай құру керектігін үйренеді.
Спикер өнімдік шешімдердің тиімділігін өлшеудегі жиі кездесетін қателіктер туралы айтып, формалды метрикалар мен өнімнің дамуына шынайы әсер ететін көрсеткіштерді қалай ажыратуға болатынын түсіндіреді. Сонымен қатар жаңа функцияларға, соның ішінде күрделі технологиялық және AI-шешімдерге салынған инвестициялардың қайтарымын бағалау тәсілдері қарастырылады.
Сондай-ақ өнім командалары кешігіп келетін көрсеткіштерді талдаудан ерте сигналдармен жұмыс істеуге қалай көше алатынына ерекше назар аударылады. Бұл пайдаланушылардың мінез-құлқын, қиындық туындайтын нүктелерді анықтауға және өнімнің өсуіне, қолданушыларды ұстап қалуға және табысты арттыруға тікелей әсер етеді.
Дәріс продакт-менеджерлерге, кәсіпкерлерге, әзірлеушілерге және цифрлық өнімдермен жұмыс істейтін, деректерге негізделген шешімдер қабылдайтын аналитиктерге пайдалы болады. Қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.