Баспасөз-релиздері

IT-хабта шетелде сұхбаттан сәтті өтуге арналған воркшоп өтеді

2025-07-02 11:04
5 шілде күні “Терриконовая долина” IT-хабында халықаралық IT-компанияда мансап құруды көздейтіндер үшін пайдалы болатын ағылшын тіліндегі практикалық воркшоп өтеді. Іс-шара speaking club форматында ұйымдастырылады - қатысушылар тек пайдалы ақпарат алып қана қоймай, нақты сұхбат жағдайында ағылшын тілінде сөйлесу машықтарын да жетілдіре алады. Кездесу тақырыбы - «How to Talk About Your Skills and Ace an IT Job Interview in English», ал оны ағылшын тілі мұғалімі Леана Батырова өткізеді.

Бүгінгі еңбек нарығы бағдарламашылардан, аналитиктерден, дизайнерлерден және басқа да IT-мамандардан кәсіби дағдылармен қатар өздерін ағылшын тілінде сенімді таныстыра білу қабілетін де талап етеді. Бұл, әсіресе, халықаралық нарыққа шығу немесе ірі трансұлттық компанияларға іріктеуге қатысу кезінде өте өзекті.

Алдағы воркшопқа қатысушылар нақты өмірден алынған кейстерді талдап, типтік сұрақтарға жауап беруді тәжірибе жүзінде пысықтайды, өз машықтары мен тәжірибесін кәсіби әрі түсінікті түрде таныстыруға үйренеді. Әсіресе hard және soft skills - яғни кәсіби және тұлғалық дағдылар туралы сенімді әрі сауатты түрде айту жолдарына ерекше назар аударылады. Бұл дағдылар бүгінде жұмысқа қабылдау кезінде шешуші факторға айналып келеді.

Воркшоп офлайн форматта өтеді, онлайн-трансляция қарастырылмаған. Бұл қатысушыларға тірі қарым-қатынас атмосферасына толық енуге мүмкіндік береді. Қатысу тегін, тіркелу сілтеме бойынша жүргізіледі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 5 шілде, 12:00

Орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: офлайн / онлайн