Баспасөз-релиздері

Стартаперлер бизнес-модель құруды үйренді

29 мамырда IT-хабта "Сanvas бизнес-моделін құру" тақырыбы бойынша ағылшын тілінде тегін оқыту өтті. Шақырылған спикер Enactus Buketov University жобалық менеджері Лейла Никкель болды. Ол құралдың артықшылықтары туралы және онымен жұмыс істеу кезінде қандай негізгі қателіктер жіберетіні туралы айтты.

Баяндаманың басында Лейла Canvas бизнес моделі дегеніміз не және оның жұмысының негіздері туралы айтты. Спикер қатысушыларға өз бизнесі туралы бірнеше сұрақтарға жауап беруді ұсынды: біздің клиент кім, біз оған не береміз және оның қандай мәселелерін шешеміз. Содан кейін ол осы сұрақтардың жауаптары кәсіпкерге өзінің бизнес-моделін құруға қалай көмектесетінін және бұл үшін Canvas құралын қалай пайдалану керектігін айтты. Қатысушылармен бірге Лейла бизнес-модельді құрудағы негізгі ойлар мен қателіктерді талдады. Соңында ол аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Қашан: 29 мамыр
Өткізілген орны:"Терриконовая долина" IT-hub-ы,
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.

Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.