Баспасөз-релиздері

Физика және нанотехнология кафедрасының профессоры Тимур Сериков жартылай өткізгіштердің құрылымы туралы айтты

Заманауи техниканың қалай жұмыс істейтіні туралы ойлаған кез-келген адам 25 қыркүйек күні өткен "Жаңадан бастайтындар үшін жартылай өткізгіштер физикасы" тақырыбындағы митапта жартылай өткізгіштер әлеміне шолуға тамаша мүмкіндік алды.

Физика және нанотехнология кафедрасының профессоры Тимур Сериков күнделікті өмірде қолданатын техниканың қалай жұмыс істейтіні және электр энергиясының оның жұмысымен қалай байланысты екендігі туралы қызықты және мазмұнды ақпарат берді.

Митапта жартылай өткізгіш құрылғылардың негізгі түрлері, соның ішінде екі, үш және төрт істікшелі жартылай өткізгіш құрылғылар, олардың жұмыс істеу принциптері, қарапайым және күрделі интегралды схемалар (олардың даму тарихы, дизайны және жұмыс принципі) қарастырылды.

Іс-шараға студенттер, әзірлеушілер және осы қызықты тақырыпқа қызығушылық танытқандардың барлығы қатысты. Митаптың видео жазбасы https://youtube.com/live/GlwezrueW9k сілтемесі бойынша көруге қолжетімді.

Қашан: 25 қыркүйек
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.

Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС