Баспасөз-релиздері

Алина Цымбал жаңадан бастаушы QA мамандарына арналған дәріс өткізеді

2025-09-12 14:17
16 қыркүйекте «Терриконовая долина» IT-хабында Банк ЦентрКредит компаниясының QA Engineer-і Алина Цымбалдың ашық дәрісі өтеді. Кездесу тақырыбы «QA: қалай кликер болудан тоқтап, өнімге ықпал ете бастауға болады?»

Бүгінгі таңда QA мамандығы IT-командаларда маңызды орын алады: өнімнің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігі тестілеу сапасына тікелей байланысты. Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, көптеген бастаушы мамандар тек механикалық тапсырмаларды орындаумен шектеліп, жүйелі талдау мен стратегиялық ойлауға жете бермейді.

Алина Цымбал дәріс барысында тестілеу саласындағы кәсіби өсу жолымен бөліседі - алғашқы қадамдардан бастап, командада пікірі ескерілетін сарапшы деңгейіне дейінгі тәжірибесін әңгімелейді. Сондай-ақ, ол ойлай білетін QA мен «кликердің» айырмашылығын түсіндіріп, жаңадан бастаушылар жиі жіберетін қателіктер мен оларды болдырмау тәсілдері туралы айтып береді. Қатысушылар сондай-ақ жоғары кәсіби деңгейге шығуға көмектесетін дағдыларды да үйренеді.

Дәріс студенттерге, бастаушы тестілеушілерге, сондай-ақ мамандық ауыстыруды қарастырып жүргендерге пайдалы болады. Қатысу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Қашан: 16 қыркүйек

Орны: «Терриконовая долина» IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: офлайн/онлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.

Операторы: “Терриконовая долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.