Баспасөз-релиздері

ІТ-хабта желтоқсан айының Неконференциясы өткізілді

15 желтоқсан күні "Терриконовая долина" ІТ-хабта биылғы жылдың қорытынды Неконференциясы өтті. Оған қаланың IT және digital мамандарының қатарынан шақырылған спикерлер мен қатысушылар жиналды. Іс-шараның мақсаты әріптестердің тәжірибесіне негізделген практикалық біліммен танысу және алмасу болды.

Бизнес залында екі сарапшы сөз сөйледі: Beeline Kazakhstan компаниясындағы бизнеске арналған IoT жобаларының жетекшісі Евгений Грузд және Senior PM MyCar, ProductBee CEO-сы Бахытжан Жакажанов болдаы. Евгенийдің дәрісі "IoT технологияларының тұжырымдамасы мен қолданылуы" тақырыбына арналды. Ол IoT деген не және ол Beeline Kazakhstan-да қалай қолданылатынын айтып, IoT байланыс технологияларын, қосылу трендтерін, саланың өсуінің алғышарттарын қарастырып, Beeline Kazakhstan-дағы қызықты кейстерімен бөлісті.

Бақытжан ірі ІТ-компаниялардағы өнім менеджментінің рөлін mycar.kz мысалымен қарастырды. Ол өнім менеджері кім екенін, бизнес өнімін жақсарту үшін қандай құралдарды қолданатынын, салада мансапты қалай бастау керектігін айтты. Сондай-ақ спикер оның командасы Google Play-де қосымшаның үздік 10 рейтингін қалай көтергені жайлы кейсімен бөлісті.
Ал әзірлеу залының көрермендері WOOPPAY ЖШС-де Head of mobile development Андрей Пискловтың және Snoonu компаниясында Frontend Developer Ислам Капкаевтың дәрістерін тыңдады. Андрей өз сөзінде jetpack compose архитектурасын, соның ішінде оны құрастыру принципін мысалда және компилятор мен рантайм деңгейінде талдады. Ол сонымен қатар өнімділіктің бірнеше тәжірибесімен бөлісті.
Ислам өз кезегінде қолданбаның (React) Frontend архитектурасын бөлшектеді. Оның ішінде ол көлденең және тік слайстарға негізделген архитектуралық патерндерді, архитектураны түсіндірді.
Дәріс жазбаларын "Терриконовая долина" youtube-арнасынан көруге болады.

Қашан: 15 желтоқсан
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС