Қарағанды қаласында геймдев-әзірлеушілерге арналған Хакатон өтеді
2024-06-25 13:38
Хакатон - бұл әзірлеушілерге арналған жарыс, ол жерде командалар ұсынылған кейстердің бірінде нөлден бастап жобаларды жүзеге асырады. Осындай жарыс 28-30-шы маусым аралығында байқау "Терриконовая долина" ІТ-хабында өтеді. Жеңімпаздар үшін ақшалай сыйлықтар қарастырылған.
Іс-шара бағдарламасы конкурсты өткізу қағидаларын ресми ашудан және жария етуден басталады. Ары қарай үш күн ішінде командалар өз жобаларын құру үшін жұмыс істейді. Қатысушыларға таңдауға екі кейс ұсынылады: казуалды ойын әзірлеу және аймақтың немесе кейіпкердің дизайны. Сондай-ақ, қатысушылар үшін кейстер бойынша воркшоптар және трекерлермен чек-поинттар өткізіледі. Үшінші күні жобаларды қорғау және нәтижелерді жариялау өтеді. Қазылар алқасы мүшелерінің шешімінің қорытындысы бойынша үздік екі жоба 500 000 теңгеден ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Жоба серіктестері - G5 Games, Playrix және Axlebolt болады.
Студенттерді, IT-мамандарды және GameDev саласына қызығушылық танытқандардың барлығын шақырамыз. Сіз өз командаңызды төмендегі сілтеме бойынша тіркей аласыз: https://terricon.kz/ru/hackathon
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы. Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы;"Терриконовая долина" ЖШС.