Баспасөз-релиздері

Максим Няголов PythonKit мүмкіндіктері туралы айтып береді

PythonKit - бұл Python-мен өзара әрекеттесуге арналған Swift фреймворкі. Ол қалай жұмыс істейді және оның көмегімен қосымшаларды әзірлеу процесін қалай жеңілдетуге болады, біз "PythonKit: Python-ның Swift әлеміне интеграциясы" тақырыбында өткізілетін митапта талдаймыз.

Шақырылған спикер Digitmind Technologies LLC компаниясының CEO-сы Максим Няголов болады. Ол сізге PythonKit деген не және ол қалай жұмыс істейтіні, оны iOS қосымшаларында қалай сәтті қолдану керектігі, жобаларда қалай конфигурациялау және біріктіру керектігі туралы айтады. Сонымен қатар Максим Рythonkit-ті қолданудың практикалық мысалдарымен бөліседі, оның iOS әзірлеушілері үшін әлеуетін талдайды және PythonKit жасанды интеллект пен машиналық оқыту мүмкіндіктерін қалай кеңейте алатындығы туралы айтады.

Митап әзірлеушілерге, инженерлерге, мобильді әзірлеу саласындағы мамандарға қатысу пайдалы болады. Қатысу тегін, сіз офлайн немесе онлайн форматында қосыла аласыз. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/pythonkit

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 30 қараша, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.