Баспасөз-релиздері

Кәсіпкер митапта бизнес-модельді масштабтау туралы айтып береді

Масштабтау - бұл өнімділікті арттыру, бірдей операциялық шығындармен көбірек өнім мен қызмет көрсету. 7 қазан күні IT-хабта "Бизнес-модельдер және масштабтау" тақырыбында митап өтеді, ол жерде өз компанияңызды қалай дамыту, филиалдарды ашу және франчайзингті іске қосу туралы айтылады.

Шақырылған спикер - BEKSAR компаниясының директоры және негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның 7 қаласындағы бөлшек сауда дүкендері желісінің иесі Максат Бектибаев болады. Ол компанияның табысын көбейтуге және нарықтағы өз бизнесінің тұрақтылығын дәлелдеуге мүмкіндік беретін нәрсе ол масштабтау екеніне сенімді.

Митапта Максат бизнес модельдерінің қандай екенін, пайдасыз процестерді қалай тиімді ету керектігін, бизнесіңіздің барлық шешімдерін пакеттерге қалай жинау керектігін, сондай-ақ масштабтаудың әртүрлі нұсқаларын талдайды. Сонымен қатар спикер өзінің жұмыс кейсінің мысалында масштабтау жолындағы қиындықтармен бөліседі.

Іс-шара кәсіпкерлерге, бизнес иелеріне, стартаперлерге және өз ісін ашуды жоспарлап отырғандарға пайдалы болады. Қатысу тегін. Офлайн аудитория арасында біз спикер ұсынған әдебиеттер тізімінен бір кітапты ойнатамыз. https://terricon.kz/ru/business   сілтемесі арқылы тіркеле аласыздар.  

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 7 қазан, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС