IT-хабта бизнестегі ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылдары туралы митап өткізілді
2023-08-31 16:18
Предикаттық қылмыстар - ол "қылмыстық жолмен алынған кірістер" аясында қалыптасатын қылмыстар. Митапта осындай жағдайларды қалай болдырмауды және бизнес басшылары қандай шаралар қабылдау керектігін финтех-компаниялар тобындағы Compliance Hub, Compliance and Ethics Director негізін қалаушы Тимур Мусин айтып берді.
Сөз басында спикер ақшаны жылыстату кезеңдерін талдап, предикаттық қылмыстардың мысалдарын келтіріп, ПОД/ФТ және оның негізгі талаптары туралы айтып берді. Ол ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың заңнамалық бөлігін толықтай ашып, заңнама субъектілерін, кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдары жүйесін, негізгі компоненттерін және оны бұзғандар үшін жағымсыз салдарын талдады.
Тимур клиенттермен және қаржы ұйымдарымен өзара әрекеттесу кезінде кәсіпкерлер мен бизнес иелерін ескеру маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, ол санкциялар ұғымын қарастырды және қосымша зерттеу үшін маңызды ресурстармен бөлісті.
Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы. Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС