Андрей - Frontend-әзірлеуші, София - пилон спорт студиясының иесі. Бастапқыда София қарапайым дәптердегі барлық жазбаларды тіркеп жүрді, кейін Андреймен бірге Vue.j фреймворк көмегімен Google Firebase бұлтты дерекқорын қолдана отырып CRM құрды. Мұндай бағдарламаны құру кәсіпкерлерге жаңа клиенттерді тартуға, қызмет көрсету тиімділігін арттыруға және үлкен нәтижелерге қол жеткізуге көмектесті.
Митапта спикерлер CRM мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы айтып, процестерді есепке алу және бақылау үшін өз жүйесін қалай құру туралы аудиториямен бөліседі. Ең белсенді қатысушы сыйлық ретінде ұйымдастырушылардан кітап алады.
Сілтеме бойынша тіркеле аласыз:https://terricon.kz/it
Офлайн және онлайн форматында митапқа қатысуға болады.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 18 сәуір
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Дорошенко, Карабанов и партнеры” ЖШС.