Баспасөз-релиздері

Мерейтойлық Неконференция туралы барлығы: дәрістер, сыйлықтар және нетворкинг

30 қыркүйек күні "Терриконовая Долинаның" мерейтойлық 20-шы Неконференциясы өтті. Осы іс-шараның құрметіне ұйымдастырушылар бірден бес спикерді сөз сөйлеуге шақырды, сондай-ақ қатысушылар үшін сыйлықтардың ұтыс ойынын ұйымдастырды.

Weloveflutterflow платформасының негізін қалаушы Диас Жумагалиев өз дәрісін бірінші болып өткізді. Ол  командасының жұмыс кейсімен бөлісті және олардың платформасы, әзірлеушілердің No/low code сұранысы және бағдарламалау дағдыларынсыз жұмыс істеуге арналған құралдардың түрлері туралы айтты. Бұдан әрі "GameDev it үшін Global Shift жасау мүмкіндігі ретінде" тақырыбындағы презентацияны Rhinotales LLP CEO-сы Артем Слесаренко ұсынды. Спикер өз командасы жұмыс істеп жатқан интерактивті кино жобасы туралы айтты. Оның ішінде идеяның өзі, Steam, PlayStation, Xbox және Nintendo-дағы шығарылым тәжірибесі және жұмыстағы қателері туралы айтып берді.

 Х NET CEO-сы Сергей Яхонтов өз кезегінде компанияны цифрландыруды неден бастау керектігін және кімге керек екенін түсіндірді. Ол жұмыс ортасын электронды құжаттамаға көшуге қалай дайындау керектігі және IP телефония жүйесі не үшін қажет екендігі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар берді. Ал HR-директоры Зауре Акишева DataArt компаниясы туралы және сұхбаттан қалай сәтті өту керектігі туралы айтып берді.

Қорытынды сөз WOOPPAY негізін қалаушыларының бірі және "Терриконовая Долинаның" негізін қалаушы Александр Дорошенконың дәрісі болды. Ол өз компанияларының қызметі қаланы дамытуға қалай көмектесетіні туралы айтып, кәсіпкерлік пен мансап құрудың айырмашылығын түсіндірді. Александр қай бағытта даму керектігі және болашақ мамандықты қалай таңдау керектігі туралы бірнеше кеңестер берді, сонымен қатар қызметкерлерді жалдау кезінде басшылар кімді көргісі келетінімен бөлісті.

Дәрістерден кейін "Терриконовая Долинаның" серіктесі "Додо пицца" бес пиццаның ұтыс ойынын өткізді, ал ұйымдастырушылардың өздері іс-шара барысында қатысушыларға айти маманын бейнелейтін фотосуреттерді орналастыруды ұсынды. Осылайша, ең жолы болғыш адамдар "Долинаның" мерчін - кепкалар мен футболканы жеңіп алды.

Неконференцияның соңғы аккорды болып барлығының сүйікті нетворкингі болды, ол жерде мамандар сөйлесіп қана қоймай, болашақ серіктестік пен бір-бірімен ынтымақтастықтың идеялары мен нұсқаларын талқылай алды.

Спикерлердің баяндамасын https://www.youtube.com/watch?v=LQA_ptk-K1Y сілтемесі арқылы көруге қол жетімді. 

Қашан: 30 қыркүйек
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".