Баспасөз-релиздері

7 маусым күні критовалюталық нарықта табыс табу туралы митап өтеді

Көптеген қазақстандықтар криптовалюта әлеміне еніп, осы нарықтя қосымша немесе негізгі табыс көзі ретінде зерттейді. Санат Кенжебеков IT-хабта сөз сөйлеп, криптовалюталық нарықта жолды неден бастау керектігін және тұрақты пайдаға қалай шығуға болатынды туралы айтады.

Санат - Edtech платформасы Paxaro.education негізін қалаушы, 5 жылдан астам тәжірибесі бар криптоквалюталық нарықтағы трейдинг және портфельдік инвестициялау бойынша курстың спикері және авторы. Өз капиталын 30 есе артырған. Митапта ол криптовалютадағы сауда мен инвестициялаудың негізгі принциптері, криптотрейдердің қателіктері мен кездесетін қиындықтары туралы айтып береді. Қатысушылар криптовалютаны түсіне бастайды, сауда алгоритмі неден тұратынын және нақты криптовалютаны пирамидадан қалай ажыратуға болатынын біледі. Сондай-ақ спикер өзінің сауда стратегиясын құру бойынша қадамдық жоспар береді. Дәріс соңында Санатқа барлық сұрақтарыңызды қоюға болады.

Митап криптовалютаға қызығушылық танытып, жаңа табыс көздерін іздейтіндер үшін пайдалы болады. Қатысуға өтінімді https://terricon.kz/ru/it сілтемесі бойынша жіберуге болады.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 7 маусым, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.