Баспасөз-релиздері

Оқыту барысында болашақтың цифрлық дағдылары талқыланды

2026-08-06 14:07
IT-hub «Терриконовая долина» алаңында оқу, кәсіби даму және кәсіпкерлік үшін қажетті цифрлық дағдыларға арналған ағылшын тіліндегі оқыту өтті. Кездесуді ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Нұрасыл Құнанбаев жүргізді.

Қатысушылар цифрлық ортада бүгінде қандай құзыреттерге сұраныс жоғары екенін, жасанды интеллекттің күнделікті тапсырмаларды орындау тәсілдерін қалай өзгертіп жатқанын және заманауи технологиялармен жұмыс істей білу неліктен мамандыққа қарамастан маңызды артықшылыққа айналып отырғанын талқылады.

Дәріс барысында спикер AI құралдарын ақпарат іздеу, оқу материалдарын дайындау, өнімділікті арттыру және жұмыс міндеттерін шешу үшін қалай пайдалануға болатынын көрсетті. Сондай-ақ цифрлық сауаттылықты дамытуға және еңбек нарығындағы өзгерістерге тезірек бейімделуге көмектесетін дағдыларға ерекше назар аударылды.

Қашан: 4 тамыз, 18:30
Өткізілетін орны: IT-hub «Терриконовая долина», Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн / онлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.
Оператор: «Терриконовая долина» IT-hub-ы; «Терриконовая долина» ЖШС.