Баспасөз-релиздері

Сататын дизайн мен контент туралы митап IT-хабта өтеді

Әлеуметтік желілерде сатылымдар бірнеше компоненттер арқылы жұмыс істейді. Олардың кейбіреулері макет дизайны мен контент болып табылады. 16 тамызда біз "Дизайн арқылы адамға қалай әсер етуге болады" тақырыбында митап өткіземіз, ол жерде өнімді сәтті орналастыру үшін фото және видео жазбалар туралы сөйлесеміз.

Шақырылған спикер - "Қазақтелеком" АҚ Корпоративтік Университетінде аға әзірлеуші Тамирлан Оспанов болады. Ол өз сөзінде жазылушылармен контент арқылы қалай байланысуға болатынын және аудиторияны сатылымға қалай жеткізетінін талдайды. Тамирлан фотосуретті бейнелеу өнері, ал бейнені театр ретінде қарастырудың не үшін қажет екенін және бұл SMM жұмысын түсінуге қалай көмектесетінін айтады. Сондай-ақ, келесі тақырыптар қарастырылады: композиция негіздері, кадр қою, жоспарлар, сызықтар, көкжиек, түс, фокус. Қатысушылар әлеуметтік желілерде дизайн, контент және өз өнімдерін жылжыту тақырыптары бойынша сұрақтар қоя алады.

Митапқа студенттерді, бастаушы дизайнерлерді, фотографтар мен видеографтарды, SMM-мамандарын, контент-менеджерлерді, мобилографтарды шақырамыз. Қатысу тегін, сіз https://terricon.kz/ru/marketing сілтемесі бойынша тіркеле аласыз.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 16 тамыз, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.