Баспасөз-релиздері

Жангир Капишов физикалық серверлердегі DevOps туралы айтып береді

DevOps - әзірлеушілердің басқа IT-мамандарымен тиімді өзара әрекеттесуін орнатуға көмектесетін әзірлеудің әдістемесі. Бұл компанияға бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудің дәстүрлі тәсілдеріне қарағанда өнімдерді тезірек жасауға және жақсартуға мүмкіндік беретін процестер мен құралдар жиынтығы. 27 мамырда IT-хабта "Физикалық серверлердегі заманауи DevOps" тақырыбында митап өтеді, ол жерде тәсіл туралы толығырақ айтып береді.

Шақырылған спикер Kazdream holding-те DevOps Team lead Жангир Капишов болады. Ол DevOps әдіснамасы арқылы серверді басқарудың тиімділігі мен икемділігін арттыру, қолданбаларды тезірек және сенімді орналастыруды қамтамасыз ету және серверлердің бос уақытын азайту жолдарын қарастырады.

Митап аясында қатысушылар ақауларға төзімді инфрақұрылымды, DevOps үздік тәжірибелерін, процестерді автоматтандыруды, физикалық сервердегі бұлттың артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттей алады. Сондай-ақ спикер өз тәжірибесімен бөліседі және аудиторияның сұрақтарына жауап береді.

DevOps инженерлерін, CTO, әзірлеушілерді, ІТ-бағытында оқып жүрген студенттерді шақырамыз. Қатысу тегін, Webex Meetings платформасы арқылы онлайн немесе офлайн келіп қосылуға болады. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 27 мамыр, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.