Баспасөз-релиздері

Дәрісте ЖИ көмегімен стартапты қалай іске қосуға болатыны айтылады

2025-08-08 09:55
12 тамыз күні IT-хабта ағылшын тілінде “Vibe Coding with AI” тақырыбында оқыту өтеді. Спикер Диас Жумагалиев, AI Crew Connect және WeLoveFlutterFlow компанияларының бас директоры, кәсіпкер және әзірлеуші, цифрлық өнімдерді рекордтық мерзімде іске қосу тәжірибесі бар маман. Ол қазіргі заманғы жасанды интеллект құралдарының көмегімен идеяны небәрі 48 сағат ішінде жұмыс істейтін MVP-ге (ең төменгі жұмыс өнім) қалай айналдыруға болатынын көрсетуді мақсат етіп отыр.

Диас өз дәрісінде тілдік модельдердің код пен тесттерді қалай жазатынын, контент генераторларының визуалдар мен видеолар жасай алатынын, ал автотест қызметтері сапаны тұтас бір бөлімді жұмысқа алмай-ақ қалай қамтамасыз ететінін түсіндіреді. Ол ЖИ арқылы гипотезаларды айлар бойы емес, екі-үш күн ішінде тексеруге болатынын және бұл процестің алғашқы қолданушыларға дейінгі жолды жедел итерациялармен қалай өткені туралы айтып береді.Қатысушылар бастапқы, орташа және кеңейтілген бюджеттерге арналған ИИ құралдарын қалай дұрыс таңдауға болатынын, Telegram-бот пен толыққанды веб-қосымшаны іске қосудың айырмашылығын, бір кештің ішінде қалай лендинг пен дерекқор жасап, авторизация мен админ-панельді қосып, барлық элементтерді төлем қабылдап, аналитика жинауға дайын бірыңғай өнімге қалай біріктіруге болатынын үйренеді.

Дәріс тәжірибелі әзірлеушілер мен стартап негізін қалаушыларға ғана емес, сондай-ақ бағдарламалаудан алыс, бірақ өз өнімін іске қосуды қалайтын студенттер мен энтузиастарға да пайдалы әрі түсінікті болады. Қатысу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 12 тамыз, 19:00

Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: онлайн/офлайн