Баспасөз-релиздері

Митапта ІТ-де мансапты қалай құруға болатындығы туралы айтылды

1 маусым күні ІТ-хабта Crocos-тағы Development Director Тамина Темирхан сөз сөйледі. Ол өзінің IT саласындағы жолы, 20 жасында мансапты қалай құрғаны туралы айтып берді және жаңа бастаушы мамандармен өз лайфхактарымен бөлісті.

Өз сөзінің басында спикер Сrocos компаниясы және олардың қызметтерінің бағыттары туралы айтып берді. Содан кейін Тамина IT саласында қазір көптеген бағыттар бар екенін атап өтті, демек, әркім өзіне лайықты мамандық таба алатынын айтты. Ол project-менеджерлері, media technologies, big data analytics немесе data science, software engineering, computer science сияқты мамандықтарды талдады. Тамина қарастырылған салалардың әрқайсысында адамдар не істейтінін және маманның сол жерде жұмыс істеуі үшін қандай дағдылар қажет екенін айтты.

Келесі блокта қатысушылар оқуға қандай мүмкіндіктері бар екендігін және студенттік кезеңде мансапта қалай дамуға болатындығы туралы білді. Тамина қатысушыларға бағдарламалау тілдерінің бірін таңдап, оны үйреніп, содан кейін басқа бағыттар бойынша алға жылжуды ұсынды. Ол сондай-ақ түйіндемені қалай толтыру керектігі жайлы кеңестермен бөлісті және тағылымдаманың маңыздылығы туралы айтты.

Митап жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=jeh2P1r6yNA сілтемесі бойынша қолжетімді.

Қашан: 1 маусым
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС