Маркетолог-талдаушы маркетингтік стратегия туралы дәріс оқыды
2024-05-31 18:10
Маркетингтік стратегия - бұл дұрыс тәсілмен клиенттерді тартуға және сатылымды арттыруға мүмкіндік беретін құрал. 30 мамырда ІТ-хабта InstaFintech Group-та маркетолог-талдаушысы Санжар Шушаев сөз сөйледі. Ол маркетингтік стратегия кейсімен бөлісті және маркетингтік іс-шаралар жоспарын құру үшін компанияны қалай талдау керектігін айтты.
Санжар басында нарық көлемін анықтап, Data-driven маркетингін құру үшін инфрақұрылым дайындау қажет екенін атап өтті. Ол нарықтағы позицияның қаншалықты маңызды екенін және тұжырымдаманың тезистері қандай болуы керектігін айтты. Сондай-ақ, дәріс барысында community-маркетинг, интернет-маркетинг, event-маркетинг, HR-маркетинг, Green маркетинг және рефаральді маркетингі сияқты бағыттар талданды.
Баяндаманы қорытындылай келе, спикер соңғы қадамдар маркетингке арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бірлескен маркетингтік бюджетті келісу болатынын атап өтті. Соңында Санжар аудиторияның сұрақтарына жауап берді.
Қашан: 30 мамыр Өткізілген орны:"Терриконовая долина" IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы. Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.