Баспасөз-релиздері

ІТ-хабта қыркүйек айының Неконференциясы өткізілді

18 қыркүйек күні "Терриконовая долина" ІТ-хабында IT және маркетинг саласындағы жетекші сарапшыларды біріктіретін көптен күткен Неконференция өтті. Іс-шараға қатысушыларға құнды білім алуға ғана емес, сонымен қатар пайдалы кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік бере отырып, технология, маркетинг және бизнес саласында дамуға ұмтылатын барлық адамдар үшін маңызды оқиға болды.

Неконференцияның бағдарламасына IT және бизнестің ең өзекті тақырыптары бойынша дәрістер талқыланды. ІТ-бизнес пен стартаптарды жылжытуға арналған құралдар мен көрсеткіштерді тақырыбын Асем Берик ашып, нәтижесінде қатысушылар арасында қызу пікірталас болды. Bakotech компаниясының Product Marketing Manager-і Гайни Ибрагимова сәтті кейстермен бөлісе отырып, аудиторияны B2B маркетингінің қыр-сырын айтып берді. VK Cloud компаниясынан келген Тимур Айткалиев IT-өнімдерді енгізу туралы айтып, осы процесте команданы шамадан тыс жүктемеу стратегияларымен бөлісті.

Сонымен қатар, Турлыхан Токтаганов кәсіби және жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, Data Science-ке қалай сәтті көшу керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді. Темирлан Аманбаев Kotlin-ді асинхронды бағдарламалау үшін қолданудың артықшылықтарын талқылап, әзірлеушілердің қызығушылығын тудырды. Дина Афанасьева WorldSkills чемпионатына қатысудың бірегей тәжірибесімен бөлісіп, мұндай жарыстардың дағдылар мен мансапты арттыруға қалай көмектесетінін атап өтті.

Дәрістерден бөлек, қатысушыларға кофе-брейк пен нетворкинг сессия өткізілді, бұл жерде олар идеялармен алмасуға, бірлескен жобаларды талқылауға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндік берді. Ашық және достық атмосфера IT және бизнестің әртүрлі салаларындағы қатысушылар арасында жемісті пікірталастар құруға ықпал етті.

Баяндамалардың видеожазбаларын төмендегі сілтемелер бойынша көруге болады:
бизнес залы: https://www.youtube.com/watch?v=18IbXvJB86Q
әзірлеу залы: https://www.youtube.com/watch?v=yrkj01psY0w

Қашан: 27 қыркүйек, 18:30
Өткізілген орны:"Терриконовая долина" IT-hub-ы,
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.