Баспасөз-релиздері

Бизнеске арналған акселерациялық бағдарлама басталады

2 ақпан күні Акселератор бағдарламасы басталады – бұл өсім кезеңіндегі, масштабталуға және инвестиция тартуға дайын стартаптарға арналған бағдарлама. Бағдарлама MVP-і бар немесе жұмыс істеп тұрған өнімі бар, әрі дамудың келесі кезеңіне шығуды мақсат еткен командаларға бағытталған.

Акселератор стартаптардың бизнес-бөлігін күшейтіп, жобаларды инвестициялық трекке дайындауды көздейді. Үш ай бойы қатысушылар өнімді дамыту, бизнес-модельді оңтайландыру, unit-экономика және өсу стратегиясы бойынша жұмыс істейді. Бағдарламада жобалардың инвестициялық дайындық деңгейіне ерекше көңіл бөлінеді: инвесторлармен келіссөздерге дайындық және стартапты таныстыру (презентациялау) мәселелері де қамтылады.

Бағдарламаның форматы менторлармен, трекерлермен және салалық сарапшылармен қарқынды жұмысты көздейді. Қатысушылар тек өнімді жетілдіріп қана қоймай, нақты метрикалар мен нарық деректеріне сүйене отырып, масштабтау жолдарын айқын түсінуге мүмкіндік алады. Акселератор идеяларды теория жүзінде талқылауға емес, практикалық нәтиже мен стартаптардың өсуін жеделдетуге бағытталған.

Бағдарлама өз өнімінің өміршеңдігін дәлелдеген, алғашқы пайдаланушыларын немесе түсімін алған және инвестиция тартуды келесі логикалық даму қадамы ретінде қарастыратын стартап-командаларға арналған. Акселераторға қатысу командаларға масштабтауға және жаңа нарықтарға шығуға дайындалуға мүмкіндік береді. Тіркелу сілтемесі ашық: https://terricon.kz/ru/accelerator

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 2 қараша - 26 сәуір

Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: онлайн/офлайн