Баспасөз-релиздері

Жаңадан бастаушы frontend-әзірлеушілері митапқа шақырылады

Фронтенд-әзірлеуші жұмысының артықшылықтарына мамандыққа кірудің оңайлығы және визуалды элементтермен жұмыс істеу мүмкіндігі жатады. Фронтендтің негізгі басты мәселесі - өзіңізді үнемі жетілдіріп тұру қажеттілігі, өйткені сала өте жас және тез дамып келеді. 31 тамыз күні өткізілетін митапта салаға кіру шектерін талдап, бастаушы мамандарға кеңес береді.

Спикер Kaspi.kz-тегі senior frontend developer Абылай Базарбаев болады. Ол frontend-тің IT саласында мансапты бастаудың тамаша бағыты екенін және осы салаға кіруге немесе алға жылжуға көмектесетін ең жақсы тәжірибелермен бөліседі. Митап аясында сарапшы frontend деген не, frontend-әзірлеуші жұмысының ерекшеліктері мен саладағы мансап перспективаларын талдайды.

Бастаушы әзірлеушілерді, IТ-мамандықтарында оқып жүрген студенттерді, свитчерлерді және IT саласында мансапты бастауды қарастыратындардың барлығын шақырамыз. Митапқа қатысуға өтінімді төмендегі сілтеме бойынша беруге болады: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 31 тамыз, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.