4 наурыз күні Қарағанды техникалық университетінде Web3 және блокчейн технологиялары саласында даму мүмкіндіктеріне арналған дәріс өтеді. Студенттер мен жас мамандар алдында Solana Superteam KZ қауымдастығының өкілдері – DevRel Турдиев Диас және Community Lead Максим Афанасьев сөз сөйлейді.
Кездесу барысында спикерлер ең жылдам блокчейн желілерінің бірі – Solana экожүйесінің қалай жұмыс істейтінін, бұл технология арқылы қандай мәселелер шешіліп жатқанын және Web3 неге әлемдік IT индустриясындағы ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың біріне айналып отырғанын түсіндіреді.
Студенттер мен бастаушы мамандарға арналған мүмкіндіктерге ерекше назар аударылады: білім беру бағдарламалары, гранттық қолдау және блокчейн жобаларындағы мансаптық перспективалар. Қатысушылар Web3 саласында қандай дағдылар сұранысқа ие екенін және осы бағытта кәсіби жолды қалай бастауға болатынын біледі.
Дәріс ашық диалог форматында өтеді: спикерлердің баяндамасынан кейін қатысушылар сұрақ қойып, Қазақстандағы блокчейн қауымдастығының дамуын талқылай алады. Қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 4 наурыз, 11:00
Өтетін орны: Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Н.Назарбаев даңғылы, 56
Форматы: офлайн / онлайн