Баспасөз-релиздері

IT-хабта дизайнерлерге арналған дәріс өтеді

2025-06-13 11:31
16 маусым күні графикалық дизайнға енді қадам басқан жаңадан бастаушылар да, тәжірибелі UI/UX мамандар да асыға күткен дәріс өтеді. Өзінің кәсіби тәжірибесімен Colossyan стартапының digital-дизайнері Аспандияр Шаншархан бөліседі. Colossyan - жасанды интеллект негізінде видео синтездеу технологияларын дамытып жатқан халықаралық жоба. Дәріс дизайнердің тек «ыңғайлы» емес, сонымен қатар көркем, есте қаларлық және коммерциялық табысты digital-дизайн жасауды қалай үйренуіне арналмақ.

Аспандияр дәріс барысында digital-дизайндағы форма - жай ғана функцияның "қаптамасы" емес, пайдаланушыға өнімді түсінуге ғана емес, оны жақсы көруге де көмектесетін құрал екенін түсіндіреді. Дәрістің негізгі тақырыптарының бірі - визуалды талғам мен насмотренность (көзбен көру арқылы дамитын таным) дамыту болмақ. Спикер визуалды қабылдауды жаттықтыруға арналған жеке тәжірибелерімен бөлісіп, шабыттандыратын референстерді қайдан және қалай іздеу керек екенін, дизайн шешімдерін заңды әрі этикалық жолмен “үйреніп алуға” болатынын, және ең бастысы - бір-біріне ұқсас жобалар арасында жоғалып кетпей, өзіңнің бірегей стиліңді қалай қалыптастыруға болатынын айтып береді.

Сонымен қатар, дәріс барысында қатысушылар өз портфолиосын қалай дұрыс құру керек екенін, ондағы визуалды шешімдер арқылы құндылық пен даралықты қалай жеткізуге болатынын үйренеді. Графикалық және интерфейс дизайнының тоғысуына ерекше назар аударылады.

Бұл дәріс мамандық жолын енді таңдауға бет алған жас дизайнерлерге де, кәсіби дамуында жаңа тыныс іздеп жүрген тәжірибелі мамандарға да пайдалы әрі қызықты болмақ.

Қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/marketing

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 16 маусым, 19:00

Орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: офлайн / онлайн