Дәрісте маркетингтік стратегияны қалай құру туралы айтылады
2024-05-27 17:09
Маркетингтік стратегия - бұл компанияның пайдаланушыларды тарту және оларды тұтынушыларға айналдыру жөніндегі жалпы іс-әрекет жоспары. Ол компанияның құндылық ұсынысы, оның негізгі хабарламалары, мақсатты пайдаланушылардың демографиялық сипаттамалары туралы ақпарат және нарықтағы басқа мәліметтер бар. 30 мамырда IT-хабта "Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын құру алгоритмі" тақырыбында дәріс өтеді, ол жерде қадамдап құрастыру жоспары мен оның міндеттері талданады
Тақырып бойынша шақырылған спикер InstaFintech Group-та маркетолог-талдаушысы Санжар Шушаев болады. Дәріс аясында қатысушылар маркетингтік стратегияны құру алгоритмін, маркетингтік іс-шаралардың реттілігін, маркетингтік жылжыту арналарын зерттейді. Сондай-ақ жоспарлау үшін кәсіпорынның ағымдағы жағдайын талдауды үйренеді.
Дәріс бизнес иелеріне, маркетологтарға, маркетолог-талдаушыларға, кәсіпорындарда жұмыс істейтін экономистерге пайдалы болады. Дәріс тегін, қатысушылар төмендегі сілтеме бойынша тіркеле алады: https://terricon.kz/ru/marketing
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы. Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы;"Терриконовая долина" ЖШС.