Шақырылған спикер - "Азимут-Трейд" ЖШС интернет-маркетологы Анастасия Морой болады. Ол өзінің жылжыту тәжірибесімен бөліседі және жаңадан бастаушыларға алғашқы таргетті орнату бойынша кеңестер береді.
Митапта қатысушылар профильді таргетті жарнамаға қалай дайындау керектігін, Facebook жарнамалық кабинетінің құрылымы, алғашқы таргетті науқанды орнату және тиімділікті бақылау туралы біледі. Сондай-ақ Анастасия мақсатты аудиторияны қалай таңдауға болатынын, бюджетті қалай анықтауға болатындығын және таргетке арналған мәтіндер мен дизайнның ерекшеліктері неде екенін түсіндіреді.
Митап бастаушы маркетологтар мен интернет-маркетологтарға, бизнес иелеріне, кәсіпкерлерге, стартаперлерге, студенттерге және digital marketing-ке ауысуды жоспарлап жүргендерге пайдалы болады. Спикерден нақты кері байланыс алу үшін және ұйымдастырушылардан кітаптың ұтыс ойынына қатысу үшін офлайн іс-шараға қатысуды ұсынамыз.
Сілтеме бойынша тіркеле аласыз: https://terricon.kz/ru/marketing
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 16 тамыз, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС