Баспасөз-релиздері

Митапта бизнес үшін тиімді маркетинг туралы айтылады

Маркетинг жүйесі - бұл клиенттермен, серіктестермен, бәсекелестермен және нарықтағы делдалдармен қарым-қатынасты қалыптастыру және дамыту процесі. Бұл қызмет сатуды, пайданы және клиенттердің бейілділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл тақырып 15 қараша күні "Компаниядағы маркетинг жүйесі" митабында толығырақ талқыланады.

Шақырылған спикер Новосибирскідегі жарнамалық диджитал-агенттіктің құрылтайшысы және директоры Антон Новгородцев болады. Ол осы саладағы тәжірибесімен бөліседі және стратегиялық маркетинг бойынша жұмыс кейстерінен мысалдар келтіреді.

Спикер өз сөзінің бір бөлігі ретінде бизнестегі маркетинг қабаттары, маркетинг айналымы сияқты тақырыптарды талдайды: бұл әдетте қалай болады, офлайн және онлайн құралдар жиынтығын қалай жасауға болады. Сондай-ақ сарапшы бастаушы кәсіпкерлер үшін брендті орналастыру бойынша кеңестер береді.

Митап бизнес иелеріне, стартаптар мен маркетологтарға пайдалы болады. Қатысу тегін. Басқа қалалардың мамандары WebEx платформасы арқылы онлайн қосыла алады, ал қарағандылықтар мен қала қонақтарын ІТ-хабта офлайн форматта күтеміз.

Тіркелу сілтмесі: https://terricon.kz/ru/marketing 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 15 қараша, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС