Баспасөз-релиздері

Болашақ CTO-ларды даярлау курсы басталады

3 наурыз күні «CTO қалай болуға болады» атты техникалық көшбасшылар мен IT бағыттарының басшыларын даярлауға арналған оқу курсы басталады. Бағдарлама онлайн форматта және қазақ тілінде, аудармашының сүйемелдеуімен өтеді.

Курс спикері – «TTC» АҚ бұлттық сервистер жөніндегі атқарушы директоры Бауржан Муканов. Бағдарлама инженерлік рөлден компаниядағы технологияларды стратегиялық басқару деңгейіне өтуді жоспарлап отырған мамандарға арналған.

Оқу барысында тыңдаушылар техникалық директордың негізгі міндеттерін меңгереді: IT-аудит жүргізуден бастап инфрақұрылымды басқару, кәсіпорын архитектурасын құру және технологиялық стратегия әзірлеуге дейін. Сондай-ақ жобалар мен өнімдерді басқару, IT-бюджетті қалыптастыру, жеткізушілермен жұмыс істеу және инженерлік командаларды құру мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Бағдарлама бұлттық стратегиялар, деректерді басқару және компания инфрақұрылымына жасанды интеллект енгізу тақырыптарын да қамтиды. Курстың маңызды бөлігі – CTO-ның бизнес-пен коммуникация дағдыларын дамыту: қатысушылар технологиялық шешімдерді экономикалық көрсеткіштерге айналдыруды және бастамаларды компания басшылығы деңгейінде қорғауды үйренеді.

Қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 3-31 наурыз, 18:30-20:30

Форматы: онлайн