Баспасөз-релиздері

UX/UI дизайнері митапта компаниядағы дизайнердің жұмысын қалай жеңілдету керектігін айтып береді

13 шілдеде IT-хабта "Дизайнерсіз дизайн. Қызметкерлерді қалыптасқан кертартпа тәртіптен босатып, өнімге негізделген тәсілді қолданамыз". Шақырылған спикер - JUG Ru Group компаниясында UX/UI Designer Юрий Кочергин болады, ол дизайнерді қандай жұмыс процестерінен шығаруға болатынын және жалпы дизайнды әзірлеу уақытын қалай қысқартуға болатынын айтады.

Өз сөзінде сарапшы тәжірибесімен бөліседі: өнімділігін жоғалтпай, күнделікті жұмысын жеңілдету үшін жұмыста қандай әдістерді қолданатындығын айтып береді. Ол командадағы дизайнерлік мәселелер мысалдарында қызметкерлердің жұмыс құралдарын ұйымдастыруға және дамытуға арналған өнім тәсілдерін талдайды.

Сондай-ақ, егер де макеттерді басқа біреу жасай алатын болса, дизайнерді бизнес-процестен қалай алып тастауға болатындығын, қандай жағдайларда процесті автоматтандыру - панацея емес екендігін және дизайнды жасау уақытын қысқартуға көмектесетін қарапайым құралдарды береді.

Митап дизайнерлерге (соның ішінде өнім және UX/UI), компаниялардағы бизнес-процестермен байланысты жұмыс істейтін мамандарға, өнім менеджерлеріне, сату менеджерлеріне, маркетологтарға қатысу пайдалы болады. Қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/marketing

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 13 шілде, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.