Баспасөз-релиздері

Митапта бизнеске арналған Instagram-ды жүргізудің трендтері талданады

Instagram осы уақытта да бизнесті жылжыту үшін ең танымал алаңы болып табылады. Дегенмен, контенттің көптігіне байланысты аудиторияны тарту және ол жерде сатылымдар жасау қиындай түсуде. 23 қазан күні IT-хабта "Instagram-да ақша табуға кедергі болатын топ-8 бизнес қателік" тақырыбында митап өтеді, ол жерде барлық ниет білдірушілер жылжыту туралы көбірек біле алады.

Adexa маркетингтік компаниясының негізін қалаушы және CEO-сы Саид Кадыргалиев шақырылған спикер болады. Ол қатысушыларға Instagram-дағы дұрыс бизнес үлгісі туралы айтады, стартқа үлкен инвестиция қажет пе, шынымен тиімді контентті қалай жасау керек және direct-те қалай тиімді сату керектігімен бөліседі. Сонымен қатар, Саид 2023 жылы органикалық жарнаманың бар-жоғын, дұрыс жарнаманы орнатудың құпиялары мен SMM-маманын жалдаудағы қателіктер туралы айтады.

Митап SMM-мамандарына, маркетологтарға, кәсіпкерлерге және стартаперлерге қатысу пайдалы болады. Қатысу тегін, митапқа тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/marketing

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 23 қазан, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы, Алалыкин к., 12