Іс-шарада Антон жарнама мен маркетингтің айырмашылығы, жарнамалық арналарды таңдау, жарнаманың тиімділігін талдау және жаңа бизнестегі маркетингтік стратегия сияқты тақырыптарды талдайды. Сондай-ақ қатысушылар маркетингтің кез-келген кәсіпорынның тіректерінің бірі екенін және оның компанияның немесе стартаптың сәттілігіне қалай әсер ететінін біледі. Спикер өзінің бірнеше кейстерін мысалға келтіреді және аудиторияның сұрақтарына жауап береді.
Сонымен қатар ұйымдастырушылар ең белсенді қатысушылар арасында спикердің ұсынысы бойынша кітаптың ұтыс ойынын дайындады.
Митап кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес иелеріне, маркетологтарға пайдалы болады. Қатысу тегін, форматы-офлайн және онлайн. https://terricon.kz/ru/marketing сілтемесі бойынша тіркеле аласыз.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 12 тамыз, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС